بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ
Асқа шақыру
Ардақты ағайын-туыс,
құда-жекжат, дос-жаран!
Атамыз Қожахметов Хайролланың дүниеден озғанына 40 жыл және әжеміз Есова Алманың дүниеден озғанына 15 жылдығына арналған еске алу ас дастарханына шақырамыз.
Хайролла 1909 — 1986 40 жыл
Алма 1922 — 2011 15 жыл
Жеңістің 80 жылдығына орай
Хайролла Қожахметов атамыздың атына көше атауы берілді
Атырау қаласы, Самал шағын ауданы, №1 өткел
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, майдангер ардагерлеріміздің есімдері көшелерге берілуде.
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 маусымдағы №111 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының №238-VIII шешіміне сәйкес, Атырау қаласы, Самал шағын ауданындағы №1 өткелге атамыз Қожахметов Хайролланың есімі берілді.
Балалары, немере-жиендері
Қожахметов Хайролла
1909 — 1986Хайролла ата 1909 жылы Гурьев облысы, Есбол (құжаттарда Испул) ауданы, Құрылыс селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1921 жылы 12 жасында әкесі Қожахметтен айырылып жетім қалды да, байлардың малын бағып, отбасын асырады. Ауыл мектебінде төрт кластық білім алды.
- 1931—35
- «Еңбек» колхозында хатшы, кассир
- 1935—38
- «Еңбек» колхозының төрағасы қазан 1935 — қыркүйек 1938
- 1938—41
- Бақсай аудандық мемлекеттік сақтандыру мекемесінде учаскелік инспектор
- 1941—42
- «Еңбек» колхозының төрағасы
- 1942—44
- Майданда — Есбол аудандық әскери комиссариатынан аттанды 9 маусым 1942 — 5 қаңтар 1944
- 1945—47
- Есбол аудандық мемлекеттік сақтандыру мекемесінде бас инспектор
- 1947—50
- «Красный Октябрь» колхозының төрағасы
1942 жылдың 20 шілдесі мен 1944 жылдың 5 қаңтары аралығында II Прибалтика майданы, 51-гвардия атқыштар дивизиясының 158-гвардия атқыштар полкында, кейін Солтүстік-Батыс майданы, 370-атқыштар дивизиясының 1232-атқыштар полкында екінші нөмірлі минометші болды.
Невель ауданындағы шабуылдарға минометшілер қатарында қатысып, 82 мм минометтен оқ жаудыра отырып, елді мекендерді азат етуге атсалысты. Ұрыстарда екі ауыр жарақат алып, мүгедек болып елге оралды.
- Майдандары
- II Прибалтика·Солтүстік-Батыс
- Дивизиясы
- 51-гвардия атқыштар·370-атқыштар
- Полкы
- 158-гвардия атқыштар·1232-атқыштар
- Мамандығы
- екінші нөмірлі минометші·82 мм миномет
- Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденіЦАМО мұрағаты · құжат №85 · 06.04.1985
- Қызыл Жұлдыз орденіөз қолымен жазған өмірбаянында көрсеткен
- «Ерлігі үшін» («За боевые заслуги») медаліЦАМО мұрағаты · бұйрық №223/151 · 06.11.1947
- Төрт мәрте алғыс хатөз өмірбаянында көрсеткен
Соғыстан кейін елді көтеру жұмысына араласты. Аяғындағы снаряд сынығын сол кездегі дәрігерлер ота жасап ала алмай, жарақаты сыр беріп, жұмыстан қалды.
Индер ауданы, Құрылыс ауылындағы орта мектептің іргетасын қалаушылардың бірі болды.
1962 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы Гагарин атындағы №4 орта мектебінде қазақ сыныбының ашылуына қосқан үлесі орасан.
Хайролла ата 1986 жылы, 77 жасында өмірден озды.
Жатқан жерлері жарық, иманы жолдас болсын.
Алла тағала топырақтарын торқа, жатқан жерін жәннат етсін.
10 қазан 2026 · Атырау қ., Тайманов көшесі 110